«Қызылжарым — туған жерiм» атты кiтапханашылардың аудандық семинары

2019 жылдың 5 шiлдесiнде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қызылжар аудандық орталық кiтапханасында «Қызылжарым — туған жерiм» атты кiтапханашылардың аудандық семинары өттi.

Мақсаты: Қызылжар ауданының тарихи-мәдени мұрасын үгiттеу және насихаттау,

Мiндеттерi: Бескөл ауылы мен Қызылжар ауданының тарихи-мәдени мұрасын, тарихи естелiктерiн сақтау, және оны аудан тұрғындары мен жастарының арасында насихатау. Жастардың патриоттық тәрбиесiне, олардың тарихи бiлiмi мен азаматтық қасиеттерiн қалыптастыруға ықпал ету. Iс-шара Отан тарихындағы қызығушылықты дамытуға бағытталған.

Iс-шара барысында «Қызылжар ауданы ауылдарының тарихы» атты презентациясы, «Аудан тарихы: атаулар, оқиғалар, фактiлер» жобасының шеңберiнде iс-шараларды өткiзу тәжiрибесiмен бөлiстi. Боголюбово, Вагулино, Пеньково, Якорь және Соколов ауылдық кiтапханашылары өз тәжiрибесiмен бөлiстi. Қылышбаева Б.Я. «Туған күнiңмен, сүйiктi Ел Ордам!» атты ауызша журналын өткiздi.

Iс-шара барысында «Туған өлкем, қандай көркем!» атты кiтап көрмесi, «Рухани жаңғыру — Ұлттың ұлы мұраты» көрме-инсталляциясы және «Бiздiң отандастарымыз — бiздiң мақтанышымыз» атты библиошолу өткiзiлдi.

Семинар соңында жергiлiктi тарихи-өлкетану мұражайының құрылу тарихы бойынша материалдар жинақталып, өңделдi; аудан тарихы бойынша ақпараттық ресурстар құрылды. Долматов, Большая Малышка ауылының кiтапханалары белсене қатысып, бiлiктiлiгiн көрсете бiлдi.

05.07.2019
Қараулар: 102
Премьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Послание президента РКegovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет