Тарихи-мәдени мұрасы

Қызылжар ауданының киелі жерлері туралы ақпарат

«Ак-Ирий» «Ақ жұмақ» Долматово қалашығы, ерте темiр дәуiрi

Ак-Ирий

Орналасқан жерi: СҚО, Қызылжар ауданы, Березов селолық округiне қарасты Долматово селосынан оңтүстiк –шығысқа 3 шақырым жерде

Қысқаша анықтамалық: «Ак-Ирий» Долматово қалашығы — Есiл алқабы мен Батыс Сiбiр ойпаты қиылысқан жерде орналасқан ерте темiр дәуiрiнiң ескерткiшi. Ескерткiштiң жалпы көлемi — 22400 кв.м.Ескерткiштi 1966 жылы. Б. Зданович тауып алып, зерттеген. Екiншi қайтара 1968 жылы С.Ф. Набоков басқарған Солтүстiк-Қазақстан археологиялық экспедиция және 1988 жылы В.Ф. Зайберт басқарған Солтүстiк-Қазақстан археологиялық экспедиция зерттеген. 2005 жылы Солтүстiк-Қазақстан археологиялық экспедициясының барлау отряды қайта тексерiп, 2004 жылы Ак-Ирий археологиялық нысаны деп қайта аталған.

Ескерткiштерде күйiлген кiрпiштiң, сүйектердiң қалдықтары, ойып жасалған әшекейлеу iздерi бар ұсақ керамика фрагменттерi бар. Остеологиялық материал қалдықтары бар, ертедегi тұрғындардың өмiр сүру белгiсiнiң қалдықтары жиналған шұңқыр тәрiздi орындар табылған. Негiзгi есiк ауданында iрi қара мал, жабайы жануарлар, иттердiң дене бөлiктерiнен тұратын құрбан шалу орындары да анықталған. Қалашықтың өндiрiстiк бөлiгiнде күйдiрiлген кiрпiштердiң дұрыс жасалмаған формалары, шлак фрагменттерi,тас пен сүйек сынықтары табылған. Сонымен қатар жер үстiне салынған үй-жайлардың қалдықтары болып табылатын бағаналы шұңқыршалар да байқалған.

Ескерткiш ерте темiр дәуiрiндегi мал шаруашылығы және жермен айналысқан тайпалардың өзiндiк мәдениетiн көрсетедi. Материалдар Солтүстiк Қазақстан облыстық мұражайының қорында сақталған.

Қызылжар ауданындағы тарихи және мәдени ескерткiштерiнiң жағдайы туралы
(01.01.2019 ж.)

Қызылжар ауданында 99 тарихи және мәдени ескерткiш мемлекеттiк қорғауға алынған. Олардың iшiнде қала құрылысы және сәулет ескерткiштерi — 3; Ұлы Отан соғысына қатысушыларға арналғаны — 45; азаматтық соғысқа қатысқандарға — 21; археологиялық ескерткiштер — 30.

Қазақстан Республикасының «Тұрғылықты тарихи мәдени нысандарды пайдалану және қорғау туралы» Заңына сәйкес және тұрғылықты тарихи мәдени нысандарды пайдалану және қорғауды бақылау мақсатындағы Ережесiн беруге, тарихи және мәдени ескерткiштердi Қызылжар аудандық ауылыдық округi әкiмдерiнен құралған 30 күзет бекiтiлдi. Тарихи және мәдени ескерткiштердi безендiру құжаттары, тарихи және мәдени ескерткiштердiң жеке иесi немесе пайдаланушының сақтау таралы құжаттары күзетшiнiң мiндеттерi болып табылады.

Қызылжар ауданының 19 ауылдық округiнде 1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғыс ардагерлерiне арналған 45 ескерткiш тiркелген.

Қызылжар ауданындағы тарихи және мәдени ескерткiштердiң атаулары (DOC 38 Kb)

Тарихи-мәдени мұрасы Тарихи-мәдени мұрасы Тарихи-мәдени мұрасы Тарихи-мәдени мұрасы Тарихи-мәдени мұрасы Тарихи-мәдени мұрасы Тарихи-мәдени мұрасы Тарихи-мәдени мұрасы
Премьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Послание президента РКegovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет