Мемлекеттік орган туралы жалпы ақпарат

Басшы

Алдаева Сара ТлеубергенқызыМәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы — Алдаева Сара Тлеубергенқызы.

Солтүстiк Қазақстан облысы Сергеев ауданы Марьевка с. 1964 жылы 29 қарашада туған.

Бiлiмi жоғары: 1991 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттiк универститетiн орыс тiлi және орыс әдебиетi мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1982 жылы СҚО Сергеев ауданы Бiрлiк ауылында орыс тiлi мен орыс әдебиетi мұғалiмi қызметiнен бастады. Жалпы жұмыс өтiлi 32 жыл, оның iшiнде мемлекеттiк қызметте 18 жыл.

Мемлекеттiк қызметi атқару кезiнде Шал ақын ауданында жалпы бөлiмнiң бастығы, аудан әкiмi аппаратының басшысы, «Мағжан Жұмабаев аудандық iшкi саясат бөлiмi» ММ бастығы болды.

2011 жылдан бастап 2020 жылдың 15 мамырға дейін «Қызылжар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ басшысы қызметiнде.

2020 жылдың 15 мамырдан бастап «Кықылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» басшысы.

Қызметкерлер тiзiмi

Лауазымы Т.А.Ә. Туған күні Білімі Бітірген оқу орнының атауы Еңбек өтілі
1 Бөлім басшысы Алдаева Сара Тлеубергеновна 29.11.1964 жоғары Киров атындағы Қаз. МУ Алматы қаласы 34
2 Мәдениет саласы бойынша бас маман Кушкумбаева Светлана Александровна 25.07.1977 жоғары Л. Гумилев атындағы Евразиялық Университеті 18
3 Бас маман-бухгалтер Мусина Салтанат Амангельдиевна 01.09.1980 жоғары Петропавл қаласының бизнес және басқару институты 15
4 Тілдерді дамыту бойынша бас маман Ерденова Еркеш Жумашевна 15.10.1991 жоғары М. Қозыбаев атындағы СҚМУ 9
5 Спорт бойынша бас маман Алгожина Асылгүл Мейрашқызы 10.04.1991 орта арнаулы СҚУ колледжі 6

Мақсаттар, мiндеттер, нормативтiк-құқықтық актiлер
Мемлекеттiк органның атауы

«Қызылжар аудандық мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

Ереже

«Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттiк мекемесінің миссиясы:

  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қызылжар ауданында мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

Міндеттері:

  • Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін өркендетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шараларды қабылдау;
  • мемлекеттік тілді дамыту, оның мәртебесін көтеру, мемлекеттік және басқа тілдерді меңгеру үшін қажетті жағдайларды жасау;
  • бұқаралық спортты дамыту мен насихаттау үшін және халықты дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға жағдай жасау.

Функциялары:

  • мәдениет мекемелерінің жүйесін сақтау бойынша іс-шараларды құрады және жүзеге асырады;
  • кітапхана ісі, мәдени-демалыс қызмет саласында мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құруға бастамашылық жасайды, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
  • жергілікті маңызы бар мәдениет және тарихи ескерткіштерді тіркеу, қорғау және пайдалану бойынша қызметті жүзеге асырады;
  • белгіленген тәртіппен концерттік қызмет ұйымдастырады, көркем-өнерпаздар ұжымының, жеке орындаушылардың гастрольдерін өткізуге ықпал етеді;
  • аудан тұрғындарын кітапхана қызметімен қамтамасыз етеді;
  • белгіленген тәртіппен сайыстарды, байқауларды, көрмелерді және басқа мәдениет саласындағы іс-шараларды өткізуді ұйымдастырады;
  • халықтық дәстүрлер мен салт-дәстүрдерді зерделеу және насихаттау, көркемөнерпаздар тобын сақтау шараларын қабылдауды;
  • ауданның мәдениет мемлекеттік ұйымдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттауды өткізеді;
  • мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға, кәсіпорындар мен түрлі деңгейдегі атқарушы билік органдарына, халыққа қызмет көрсетудің түрлі салаларына мемлекеттік тілде іс жүргізу бөлігінде Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда практикалық көмек көрсетеді;
  • әр түрлі жастағы халықты мемлекеттік тілде оқытуды ұйымдастыру;
  • мемлекеттік, орыс және басқа тілдерді дамыту бойынша жұмыстарды үйлестіреді;
  • мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, ономастикалық және терминологиялық жұмыс мәселелері бойынша мемлекеттік басқару органдарымен, ауданның ұйымдары мен кәсіпорындарымен бірлескен қызметті жүзеге асырады;
  • аудан аумағында бұқаралық спорт және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз етеді;
  • спорт түрлері бойынша, соның ішінде ұлттық, техникалық және қолданбалы, бұқаралық спорт, сондай-ақ ардагерлер мен мүгедектер арасында спорттық жарыстар өткізеді;
  • спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды дайындауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;
  • дене шынықтыру – спорт ұйымдарының қызметін және аудан аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерін үйлестіреді;
  • халыққа арналған спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шаралар өткізу мақсатында білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта пайдалану жөнінде шаралар қабылдайды;
  • спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;
  • біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы – спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі біліктілік санаттарын береді;
  • мәдениет, тілдерді дамыту және спорт саласында қоғамдық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
  • осы салалар бойынша ауданның мәдениет, тілдерді, дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және уәкілетті органға ұсынады;
  • ведомстволық бағынысты ұйымдарда жоспарлы-қаржылық жұмысты ұйымдастырады, перспективалық даму жоспарларын жасайды, белгіленген тәртіппен жергілікті бюджетте тұратын мекемелердің штаттық кестелері мен сметаларын бекітеді, оларды қаржыландыруды жүзеге асырады, саланы дамыту үшін инвестиция тартуда бірыңғай стратегияны қалыптастырады және іске асырады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс істеп тұрған мәдениет және спорт объектілерін кеңейту және қайта жаңарту;

Құқықтары мен міндеттері:

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер мен функцияларды атқарады.

  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауданның атқарушы органдарынан, ауылдық округ әкімдерінен қажетті құжаттарды, ақпаратты сұрату және қабылдау;
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіндегі мәселелерді шешуге қатысуға ауданның атқарушы органдарының, селолық округ әкімдері аппараттарының қызметкерлерін тарту;
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудандық әкімдіктің және мәслихаттың, аудандық, аумақтық және өзге де атқарушы органдардың алқаларының отырыстарына қатысу;
  • қажет болған жағдайда тіл саясаты мен спорт мәдениеті мәселелері бойынша басқа ведомстволармен және қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп немесе келісім бойынша бұйрықтар шығару;
  • ведомстволық бағыныстағы мекемелерге тексеру жүргізу, меншіктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша шараларды жүзеге асыру;
  • бюджеттік қаржыны тиімді пайдалануды қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базаны жақсартуға, күрделі жөндеуге және т. б. байланысты мәселелерді өз құзыреті шегінде шешу.

 

Премьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ Antikor Послание президента РКegovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет