«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру

«Қызылжарым — туған жерiм» атты кiтапханашылардың аудандық семинары

2019 жылдың 5 шiлдесiнде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қызылжар аудандық орталық кiтапханасында «Қызылжарым — туған жерiм» атты кiтапханашылардың аудандық семинары өттi.

Мақсаты: Қызылжар ауданының тарихи-мәдени мұрасын үгiттеу және насихаттау.

Мiндеттерi: Бескөл ауылы мен Қызылжар ауданының тарихи-мәдени мұрасын, тарихи естелiктерiн сақтау, және оны аудан тұрғындары мен жастарының арасында насихатау. Жастардың патриоттық тәрбиесiне, олардың тарихи бiлiмi мен азаматтық қасиеттерiн қалыптастыруға ықпал ету. Iс-шара Отан тарихындағы қызығушылықты дамытуға бағытталған.

Iс-шара барысында «Қызылжар ауданы ауылдарының тарихы» атты презентациясы, «Аудан тарихы: атаулар, оқиғалар, фактiлер» жобасының шеңберiнде iс-шараларды өткiзу тәжiрибесiмен бөлiстi. Боголюбово, Вагулино, Пеньково, Якорь және Соколов ауылдық кiтапханашылары өз тәжiрибесiмен бөлiстi. Қылышбаева Б.Я. «Туған күнiңмен, сүйiктi Ел Ордам!» атты ауызша журналын өткiздi.

Iс-шара барысында «Туған өлкем, қандай көркем!» атты кiтап көрмесi, «Рухани жаңғыру — Ұлттың ұлы мұраты» көрме-инсталляциясы және «Бiздiң отандастарымыз — бiздiң мақтанышымыз» атты библиошолу өткiзiлдi.

Семинар соңында жергiлiктi тарихи-өлкетану мұражайының құрылу тарихы бойынша материалдар жинақталып, өңделдi; аудан тарихы бойынша ақпараттық ресурстар құрылды. Долматов, Большая Малышка ауылының кiтапханалары белсене қатысып, бiлiктiлiгiн көрсете бiлдi.

«Жаңа емленi оқытудың әдiстемесi» тақырыбы бойынша практикалық сабақ

Қызылжар аудандық мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi, облыстық оқыту орталығының мамандарымен, 2019 жылғы мамырдың 20-сы күнi сағат 11.00-де Қызылжар аудандық кiтапханада «Жаңа емленi оқытудың әдiстемесi» тақырыбы бойынша, латыннан практикалық сабақ өткiздi.

Сабақтың мақсаты — жаңа емленi оқытуда интерактивтi сабақтарды қолданудың тиiмдiлiгi, мұғалiмдерге практикалық көмек көрсету және де тәжiрибе алмасу.

Сабаққа аудан бойынша отыздан артық мұғалiм қатысты. Шараға қатысушылар латын бойынша өз ойларын ортаға салып, ұсынған тапсырмаларды белсендi түрде орындады.

«Ересектерге қазақ тiлiн оқытуда интерактивтi сабақтарды қолданудың тиiмдiлiгi» атты облыстық семинары

Тiлдердi дамыту жөнiндегi басқарманың 2019 жылға арналған iс-шаралар жоспарына сәйкес 11 ақпанда Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кiтапханада «Ересектерге қазақ тiлiн оқытуда интерактивтi сабақтарды қолданудың тиiмдiлiгi» атты облыстық семинар-тренинг өттi. Семинарда Қызылжар ауданы қазақ тiлiн оқыту үйiрмелерiнiң оқытушылары қатысты.

Семинардың мақсаты — мемлекеттiк тiлдi оқытуда интерактивтi сабақтарды қолданудың тиiмдiлiгi, мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру, оқытушыларға практикалық көмек көрсету, шығармашылық жұмысқа ынталандыру, тәжiрибе алмасу болды.

Семинар орталықтың әдiскерлерi мен оқытушыларына арналды.

Iс-шараға қатысушылар қазақ тiлiн оқытуда интерактивтi сабақтарды қолданудың тиiмдiлiгi, ғаламтор жүйесiндегi қазақ тiлiн үйрету сайттарын тиiмдi қолдану, латын графикасын енгiзудегi технологиялар туралы ақпараттармен таныстырылды, қазақ тiлiнiң жазу емлесi талқыланып, латын әрiптерiмен жазу және оқу бойынша практикалық жаттығулар жасалды.

«Барлығына арналған бағыт — бағдар» библиофорум

2019 жылдың 8 ақпанында Токушинка ауылдық кiтапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кiтапхана оқырмандарының қатысуымен «Барлығына арналған бағыт — бағдар» атты библиофорум өткiзiлдi. Кездесуге қатысушылармен пiкiрталас өткiзiлiп, оның барысында Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жетi қыры» мақаласын басшылыққа ала отырып, Қазақстанның әрбiр азаматы үшiн өз Отанына, олардың кiшiгiрiм жерiне деген сүйiспеншiлiктi тәрбиелеу керек деген ортақ пiкiрге келдi. Өз өңiрiмiздiң тарихын бiлу, өз халқымыздың мәдени мұрасын болашақ ұрпаққа сақтауға қамқорлық жасау — бұл қазақстандық қоғамның әрбiр мүшесiнiң алдында тұрған басты мiндеттерiнiң бiрi. Осы мақсатты Елбасының мақаласынан да көруге болады.

Iс-шараға «Рухани жаңғыру» атты кiтап көрмесi ұйымдастырылып, ондағы әдебитеттерге шолу жасалды.

Мұрағат (ZIP 56767 Kb)

Премьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Послание президента РКegovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет